Жас қазақстандық балуандар Азия чемпионатында 9 медаль жеңіп алды

Ульяна Калиаскар··
фото: instagram.com/kazwrestling_official

фото: instagram.com/kazwrestling_official

Қазақстанның еркін күрестен U15 құрамасы Таиландта өткен Азия чемпионатындағы өнерін аяқтады.

Біздің еркін күрес шеберлерінің қоржынында 9 медаль бар: бір алтын (Мирас Әбдікәрім), төрт күміс және төрт қола жүлде. Бұл нәтиже командаға жалпыкомандалық есепте екінші орынды иеленуге мүмкіндік берді.

Финалдық белдесуде Мирас Әбдікәрім Өзбекстан спортшысы Асомиддин Бадритдиновты 5:2 есебімен жеңіп, Азия чемпионы атанды.

Күміс жүлдегерлер:

Бектөре Заманбек (44 кг);

Әмір Серік (48 кг);

Наиль Зейналов (68 кг);

Ерсұлтан Сүлеймен (75 кг).

Қола жүлдегерлер:

Дамир Салават (38 кг);

Мадияр Әбдікәрімов (52 кг);

Бибарыс Түзелбаев (57 кг);

Зелимхан Цицкиев (85 кг).

Жас қазақстандық балуандар Азия чемпионатында 9 медаль жеңіп алды – sport-hub