Абдулла Батырбек Азия ойындарында қола медаль үшін белдеседі

Фото: Сали Сабиров
Қазақстандық джитсерлер 2026 жылғы Азия ойындарында жүлде үшін күресін жалғастырып жатыр.
62 келіге дейінгі салмақта Абдулла Батырбек жартылай финалда Біріккен Араб Әмірліктерінің өкілі Халед Әл-Шехиден жеңілді. Белдесу 2:2 есебімен аяқталғанымен, қосымша көрсеткіш бойынша жеңіс қазақстандық спортшының қарсыласына берілді. Енді Батырбек қола медаль үшін белдеседі.
69 келіге дейінгі салмақта Азия ойындарының қазіргі чемпионы Нұржан Батырбеков ширек финалда филиппиндік Марк Александер Лимді 4:2 есебімен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.
Еске салайық, 2026 жылғы Азия ойындары Жапонияның Айти префектурасы мен оның астанасы Нагояда өтіп жатыр. Жарыс 19 қыркүйекте басталып, 4 қазанға дейін жалғасады.