ӘЧ финалына тағайындалған төреші көз жасын тыя алмады

Фото: Getty Images / uefa.com
Словениялық төреші Славко Винчич 2026 жылғы әлем чемпионатының финалдық ойынына тағайындалғанын естігенде эмоциясын ұстай алмады.
Винчичтің тағайындалғаны турнир төрешілерінің жиналысында жарияланды. Осыдан кейін әріптестері орнынан тұрып, оны ду қол шапалақпен қарсы алды. Ал словениялық төреші көз жасына ерік берді.
46 жастағы Винчич 2010 жылдан бері ФИФА төрешісі. Ол 2020 және 2024 жылдардағы Еуропа чемпионаттарында, сондай-ақ Катарда өткен 2022 жылғы әлем чемпионатында матчтарға төрелік еткен. Бұдан бөлек, ол 2023/24 маусымындағы УЕФА Чемпиондар лигасының финалы («Боруссия» Дортмунд – «Реал» Мадрид, 0:2) және 2021/22 маусымындағы УЕФА Еуропа лигасының финалы («Айнтрахт» – «Рейнджерс», 1:1, пенальтиде 6:5) кездесулерін де басқарған.
2026 жылғы әлем чемпионатының финалында Испания ұлттық футбол құрамасы мен Аргентина ұлттық футбол құрамасы кездеседі. Матч 20 шілдеде Қазақстан уақыты бойынша 00:00-де басталады.