Британ саясаткері Аргентинаға қарсы санкция енгізуді ұсынды

Бегасыл Амирбай ··
Фото: AFP

Фото: AFP

Ұлыбританиядағы либерал-демократтар партиясының жетекшісі Эд Дейви Аргентина құрамасын 2026 жылғы әлем чемпионатының финалынан шеттетуді талап етті.

AFP мәліметінше, ол Англияға қарсы матчтан (2:1) кейін аргентиналық футболшылар көрсеткен баннерге байланысты санкция қолдануға шақырған.

Еске салайық, ойыннан кейін аргентиналық футболшылар финалға шыққанын «Фолкленд аралдары – Аргентинаныкі» деген жазуы бар баннермен атап өткен.

«2024 жылдың тамызында Родри мен Альваро Мората “Гибралтар – Испаниянікі” деп ұрандатқаны үшін бір матчқа әділ түрде шеттетілген еді. Енді “Фолкленд аралдары – Аргентинаныкі” деген баннермен жеңісті тойлаған аргентиналық футболшылар да финалдан шеттетілуі тиіс», – деп жазды Дейви әлеуметтік желіде.

Аргентина ұлттық футбол құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының финалына шығып, онда Испания ұлттық футбол құрамасы құрамасымен кездеседі. Матч 20 шілдеде Қазақстан уақыты бойынша 00:00-де басталады.

Британ саясаткері Аргентинаға қарсы санкция енгізуді ұсынды – sport-hub