Энцо Фернандес Аргентинаның ӘЧ финалына шығуынан кейін Англияны келемеждеді

Фото: AFA
Аргентина құрамасының жартылай қорғаушысы Энцо Фернандес 2026 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалында Англияны (2:1) жеңгеннен кейін көпшіліктің назарында қалды.
Матчтан соң Фернандес Лионель Месси мен Леандро Паредеспен бірге түскен суретін жариялап, оған Oasis тобының Wonderwall әнін қоса жүктеді. Турнир барысында бұл ән Англия құрамасы мен оның жанкүйерлерінің бейресми гимніне айналған болатын, сондықтан көпшілік бұл әрекетті қарсыласқа жасалған мысқыл ретінде қабылдады.
Кейінірек аргентиналық ойыншы сол суретті қайта жариялап, музыканы алып тастады. Алайда сол уақытқа дейін бұл жазба жанкүйерлер арасында қызу талқылауға себеп болып үлгерген еді.
Жартылай финалдың өзінде Фернандес голдан кейін эмоцияға беріліп, ерекше тойлады. 85-минутта соққан голынан соң ол Англия құрамасының техникалық аймағына және ағылшын жанкүйерлері отырған трибунаға қарай жүгірді.
Басылым мәліметінше, матчтан кейін «Челси» клубы да сынға ұшырады. Клуб Фернандестің тойлау сәтінен сурет жариялаған, бірақ жанкүйерлердің теріс пікірлерінен кейін жазбаны өшіріп тастаған.
Еске сала кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионатының финалында Испания мен Аргентина кездеседі. Ойын 20 шілде күні Қазақстан уақытымен сағат 00:00-де басталады.