ФИФА Аргентина құрамасын ӘЧ жартылай финалынан кейін жазалауы мүмкін

Бегасыл Амирбай ··
Фото: tokyo-sports

Фото: tokyo-sports

ФИФА 2026 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалында Англияны (2:1) жеңгеннен кейін Аргентина құрамасына айыппұл салуы мүмкін.

BBC мәліметінше, матчтан кейінгі мерекелеу кезінде аргентиналық футболшылар «Фолкленд аралдары Аргентинаға тиесілі» деген жазуы бар баннер ұстап шыққан.

ФИФА бұл жағдайды қарастырып жатыр, өйткені ресми жарыстар барысында саяси мәлімдемелер жасау тәртіптік жазаға әкелуі мүмкін. Бұған дейін Еуро-2024 турнирінде Түркия құрамасының ойыншысы Мерих Демирал Австрия қақпасына гол соққаннан кейін көрсеткен «қасқыр сәлемі» ишарасы үшін екі матчқа дисквалификацияланған еді.

Айта кетейік, Аргентина мен Ұлыбритания Фолкленд соғысынан бері Фолкленд аралдарына қатысты аумақтық дауды жалғастырып келеді. Қазіргі таңда архипелаг Ұлыбританияның бақылауында.

Енді 2026 жылғы әлем чемпионатының финалында Аргентина құрамасы Испаниямен кездеседі. Матч 20 шілдеде Қазақстан уақыты бойынша 00:00-де өтеді.

ФИФА Аргентина құрамасын ӘЧ жартылай финалынан кейін жазалауы мүмкін – sport-hub