Месси Англиямен матчта әлем чемпионаттарының тарихи рекордын орнатты
Бөлісу

Фото: AFA
Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси Англияға қарсы (2:1) өткен жартылай финал матчында әлем чемпионаттары тарихындағы жаңа рекорд орнатты.
Матчқа шыққан сәтте Мессидің жасы 39 жас 21 күн болды. Осылайша, ол әлем чемпионатының жартылай финалында ойнаған ең жасы үлкен алаң ойыншысы атанды.
Бұған дейінгі рекорд неміс футболшысы Фриц Вальтер мен швед ойыншысы Гуннар Гренге тиесілі еді. Олар 1958 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалында 37 жас 236 күнінде өнер көрсеткен.
Еске сала кетейік, 20 шілдеде Аргентина құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының финалында Испаниямен кездеседі. Ал Англия мен Франция 19 шілдеде үшінші орын үшін ойнайды.