Басты бет
·
АО-2026

Әділет Ахметғали Азия ойындарының жартылай финалына шықты

Бекарыс Әлімхан··
Фото: worldnomadgames

Фото: worldnomadgames

Қазақстандық спортшы Әділет Ахметғали Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы Азиада ойындарында кураштан 81 келіге дейінгі салмақта жартылай финалға шықты.

Ширек финалда Ахметғали Қытай Тайбэйінің өкілі Хе Сунмен кездесіп, оны 10:0 есебімен жеңді. Осылайша қазақстандық спортшы кем дегенде қола медальға кепілдік берді.

Жартылай финалда Әділет Ахметғали Өзбекстан өкілі Ахрор Зиёдуллаевпен кездеседі.

Кураш — Азиада ойындарының бағдарламасына енген өзбек халқының дәстүрлі күрес түрі. Спортшылар белбеуі бар «яктак» деп аталатын күрес киімін киіп, тек тік тұрып белдеседі. Қарсыласын арқасымен таза лақтыру «халол» деп бағаланып, бірден жеңіс әкеледі. Партерде күресуге, ауырту және тұншықтыру әдістерін қолдануға, соққы жасауға және белден төмен ұстауға тыйым салынады.

Еске салайық, 2026 жылғы Азиада ойындары Жапонияның Айти префектурасы мен оның астанасы Нагояда өтіп жатыр. Жарыс 19 қыркүйекте басталып, 4 қазанға дейін жалғасады.

Әділет Ахметғали Азия ойындарының жартылай финалына шықты – sport-hub