Әділжан Жаудинов кадеттер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық дзюдошы Әділжан Жаудинов Эквадордың Гуаякиль қаласында өтіп жатқан кадеттер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль иеленді.
Қазақстандық спортшы 90 келіден жоғары салмақта өнер көрсетті. Финалдық белдесуде Жаудинов Ресей өкілі Абдулманаф Рамазановты жеңіп, әлем біріншілігінің чемпионы атанды.
Осылайша, дзюдодан Қазақстан құрамасының әлем чемпионатындағы алтын медаль саны үшке жетті. Бұған дейін Ғабит Расулхан 60 келіге дейінгі салмақта, ал Фатима Супығалиева 52 келіге дейінгі салмақта топ жарған еді.
Қазақстандық спортшылардың қоржынында бұдан бөлек үш күміс және бес қола медаль бар. Әдия Жанахмет, Әділжан Нұрбекен және Інжу Жұмажан күміс жүлдеге ие болса, Бекарыс Құдайберген, Ахмет Баубек, Ерик Үсенов, Еркен Бекали және тағы бір қазақстандық спортшы қола медаль жеңіп алды.