Басты бет
·
Хоккей

«Адмирал» – «Барыс» матчының тікелей трансляциясын қайдан көруге болады?

Али Асетов··
«Барыс» ХК

«Барыс» ХК

Астаналық «Барыс» 6 қарашада Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) тұрақты чемпионатындағы кезекті сырт алаңдағы кездесуін өткізеді.

Қазақстандық клуб Владивостоктың «Адмирал» командасымен кездеседі.

Матч Владивосток қаласында өтіп, Қазақстан уақытымен сағат 14:30-да басталады. Ойынды Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Кездесудің маңызды сәттерін Sport-hub.kz Telegram арнасынан да бақылауға болады.

Алдағы матч алдында екі команданың арасын небәрі екі ұпай бөліп тұр. «Барыс» 22 кездесуден кейін 25 ұпай жинаса, «Адмирал» дәл осынша ойында 23 ұпай еншілеген.

Өткен турда «Адмирал» өз алаңында Санкт-Петербургтің СКА командасын 4:0 есебімен сенімді жеңді. Ал «Барыс» Челябіде «Тракторға» 1:2 есебімен есе жіберді.

Айта кетейік, командалар биылғы маусымда Владивостокта бір рет кездескен. 21 қазанда өткен матчта «Адмирал» овертаймда 5:4 есебімен жеңіске жеткен болатын.