Айбек Оралбай Әлем кубогын жеңіспен бастады

Темирлан Мажекенов ··
ҚР ХОК

ҚР ХОК

Қазақстандық аса ауыр салмақтағы боксшы Айбек Оралбай Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан World Boxing ұйымының Әлем кубогының екінші кезеңін сәтті бастады.

Турнирдегі алғашқы жекпе-жегінде қазақстандық спортшы 1/8 финалда 90 келіден жоғары салмақ дәрежесінде америкалық Ннаджаи Райтпен кездесті.

Үш раунд бойы Оралбай жекпе-жек барысын сенімді түрде бақылауда ұстап, кездесу қорытындысы бойынша бес төрешінің бірауыздан қолдауына ие болды – 5:0. Бұл жеңіс қазақстандық боксшыға жарыстың ширек финалына жолдама берді,.

World Boxing Әлем кубогының екінші кезеңі 15–21 маусым аралығында Гуйян қаласында өтуде. Бұл беделді халықаралық турнирге 44 елден шамамен 333 спортшы қатысуда.

Айта кетейік, сәуір айында Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында өткен алғашқы кезеңде Қазақстан құрамасы жеті медаль жеңіп алған болатын.