Сабыржан Аққалықов Қытайдағы Әлем кубогын жеңіспен бастады
Бөлісу

Фото: ҚР ХОК
Қазақстандық боксшы Сабыржан Аққалықов Қытайда өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізіп, ширек финалға жолдама алды.
Сабыржан 80 келіге ауысқаннан кейінгі алғашқы кездесуінде жергілікті боксшы Ван Сябаоны төрешілердің бірауызды шешімімен жеңді.
Аққалықов алғашқы минуттардан-ақ жекпе-жек тізгінін өз қолына алып, дәл соққыларымен басымдық танытты.
Ширек финалда Сабыржан Аққалықов Өзбекстан өкілі Жавохир Умматалиевпен кездеседі.