Нұрбек Оралбай Әлем кубогының ширек финалына шықты

Бекарыс Әлімхан··
Фото: ҚБФ

Фото: ҚБФ

Қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай Қытайда өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінің ширек финалына өтті. Ол 1/8 финалында Оңтүстік Корея өкілі Гичшае Кимді мерзімінен бұрын жеңді.

Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері 80 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. Жекпе-жек барысында Оралбай қарсыласын үш рет нокдаунға жіберді. Үшінші рет құлағаннан кейін төреші екінші раундта жекпе-жекті тоқтатты.

Бұған дейін тағы бір қазақстандық боксшы Серік Теміржанов та ширек финалға жолдама алған болатын. 60 кг салмақ дәрежесінде ол неміс боксшысы Денис Брилді төрешілердің бірауызды шешімімен жеңді.

Нұрбек Оралбай Әлем кубогының ширек финалына шықты – sport-hub