Қазақстандық боксшылар Әлем кубогындағы алғашқы қарсыластарын білді

Айбар Рысдаулет ··
ХОК

ХОК

Жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының көшбасшылары Бразилия, Германия, Әзербайжан, Ирландия, Қытай, Оңтүстік Корея және АҚШ елдерінің спортшыларымен кездесетін болды. Әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай 50 келіге дейінгі салмақта жарысты екінші айналымнан бастап, Гонконг өкілі Кин Хиу Тан мен Қырғызстан боксшысы Анварэан Ходжиев арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен кездеседі.

Қалған салмақ дәрежелерінде қазақстандық боксшылардың қарсыластары келесідей: Тимур Қабдешов (55 кг дейін) бразилиялық Келви Триндадимен жұдырықтасады, Серік Теміржанов (60 кг дейін) германиялық Денис Брильге қарсы шығады. Санаталі Төлтаев (65 кг дейін) әзербайжандық Малик Хасановпен кездеседі, ал Абылайхан Жүсіпов (70 кг дейін) бразилиялық Кайан Рейске қарсы рингке шығады.

Тимур Нұрсейітов (75 кг дейін) ирландиялық Тиг О’Доннеллмен жекпе-жек өткізеді, Сабыржан Аққалықов (80 кг дейін) қытайлық Ван Сяобаомен кездеседі. Нұрбек Оралбай (90 кг дейін) оңтүстіккореялық Ким Гичэге қарсы шығады, ал аса ауыр салмақта Айбек Оралбай америкалық Наджай Райтпен қолғап түйістіреді.

Әлем кубогының екінші кезеңі Қазақстан құрамасы үшін маусымдағы маңызды халықаралық жарыстардың бірі болмақ.