Айбек Оралбай Азия ойындарының чемпионы атанды

ҚБФ
2026 жылғы Азия ойындарындағы бокс бағдарламасының басты жекпе-жегінде Қазақстан спортшысы жеңіске жетті.
90 келіден жоғары салмақтағы чемпиондық атақ үшін өткен финалда Айбек Оралбай Жахонгир Зокировтан басым түсті.
90 келіден жоғары салмақтағы финал тартысты басталды. Бірінші үш минутта төрешілер 3:2 есебімен Оралбайға басымдық берді. Екінші раундта Қазақстан құрамасының капитаны қысымды күшейтіп, төрешілердің қолдауына ие болды.
Жекпе-жектің соңғы бөлігінде қазақстандық боксшы қарсыласына кездесудің барысын өзгертуге мүмкіндік бермеді. Үш раундтың қорытындысы бойынша бес төрешінің барлығы Оралбайға дауыс берді. Қорытынды есеп – 5:0.
Осылайша Оралбай Азия ойындарының алтын медалін жеңіп алды. Оның еншісінде 2025 жылғы әлем чемпионы атағы және Азия чемпионатындағы үш жеңіс бар.
Айта кетейік, Оралбайдың алтыны Қазақстан үшін осы жарыс күніндегі бокстан екінші алтын медаль болды. Бұған дейін Төрехан Сабырхан 70 келіге дейінгі салмақта финалда жеңіске жеткен еді.