Басты бет
·
Бокс

Айдос Медет АҚШ-тағы үшінші кәсіпқой жекпе-жегін өткізеді

Бекарыс Әлімхан··
Фото: Instagram/@aidosmedet

Фото: Instagram/@aidosmedet

Қазақстандық боксшы Айдос Медет келесі кәсіпқой жекпе-жегін 23 қазанда Хьюстон қаласында өткізеді.

25 жастағы спортшының қарсыласы әзірге белгісіз. Алдағы жекпе-жек туралы ақпарат BoxRec базасында пайда болды. Қазақстандық боксшының рекорды – 13 жеңіс, оның тоғызы нокаутпен, бір жеңіліс.

Медет соңғы жекпе-жегін 23 қаңтарда АҚШ-та өткізді. Қазақстандық боксшы әлем чемпионы атағына бұрын таласқан Азат Ованнисянмен сегіз раунд жұдырықтасып, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңілді. Төрешілер 77:75, 78:74 және 79:73 есебін Армения өкілінің пайдасына жазды.

Бұл жеңіліс Медеттің кәсіпқой мансабындағы алғашқы сәтсіздігі болды. Ованнисянмен кездесуге дейін қазақстандық солақай боксшы қатарынан 13 жекпе-жекте жеңіске жеткен.

Еске салайық, Медет кәсіпқой бокстағы дебютін 2018 жылдың қыркүйегінде өткізді. Алғашқы жекпе-жектерінің басым бөлігін Қазақстанда өткізген ол 2025 жылдың қарашасында алғаш рет АҚШ-та шаршы алаңға шығып, Давид Рейес Котаны жеңді.

Хьюстондағы алдағы бокс кеші Айдос Медет үшін АҚШ аумағындағы үшінші жекпе-жек болады.