Алькарас Венадағы ATP-500 турнирінің чемпионы атанды

Фото: Getty Images
Әлемдік рейтингте үшінші орында тұрған испаниялық теннисші Карлос Алькарас Австрияның Вена қаласында өткен ATP-500 санатындағы турнирде топ жарды.
«Үлкен дулыға» турнирлерінің жеті дүркін чемпионы финалда әлемдік рейтингтің оныншы сатысындағы австралиялық Алекс де Минормен кездесті. Матч екі сетте аяқталып, Алькарас 6:1, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Кездесу 1 сағат 26 минутқа созылды.
Алғашқы сетте испаниялық теннисші айқын басымдық танытып, қарсыласына бір ғана гейм берді. Екінші партияда де Минор қарсылық көрсеткенімен, Алькарас басымдығын сақтап, жеңісті жұлып алды.
Вена (Австрия). ATP-500. Финал
Алекс де Минор (Австралия) – Карлос Алькарас (Испания) – 1:6, 4:6.
Бұл трофей Алькарас үшін кәсіби мансабындағы 28-ші, ал 2026 жылғы төртінші титул болды. Бұған дейін испаниялық теннисші Australian Open, Доха және Токио қалаларындағы ATP-500 турнирлерінде жеңіске жеткен еді.