Альварес қала ма? «Атлетико» «Реалдың» қомақты ұсынысын қабылдамады

Али Асетов··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

Мадридтің «Реал» клубы ресми мәлімдеме жасап, шабуылшы Хулиан Альваресті сатып алу үшін «Атлетикоға» ұсыныс жолдағанын растады. Клуб мәліметінше, аргентиналық шабуылшы үшін 150 миллион еуро ұсынылған.

Алайда «Атлетико» басшылығы принципті қарсыласының ұсынысын қабылдамады. Клуб өкілдері «Реалға» қызығушылық танытқаны үшін алғыс білдіріп, футболшыны ұсынылған шарттармен сатуды қарастырмайтынын жеткізді. Бұған ойыншы келісімшартында белгіленген өтемақы сомасы себеп болған.

Хулиан Альварес «Атлетико» сапына 2024 жылдың жазында қосылып, қысқа уақыт ішінде команданың негізгі ойыншыларының біріне айналды. 2025/26 жылғы маусымда ол барлық турнирде 49 матч өткізіп, 20 гол соғып, 9 нәтижелі пас авторы атанды.

Transfermarkt порталының мәліметінше, футболшының нарықтық құны 100 миллион еуроға бағаланады. Оның мадридтік клубпен жасасқан келісімшарты 2030 жылдың маусымына дейін күшінде. Ал келісімдегі өтемақы көлемі 500 миллион еуроны құрайды.