Алан Құрманғалиев WTT турнирінде чемпион атанды

Aibar Rysdaulet··
Фото: НОК

Фото: НОК

Қазақстан құрамасының өкілі Алан Құрманғалиев АҚШ-тың Спокан қаласында өткен WTT Youth Contender халықаралық турнирінде алтын жүлде жеңіп алды.

Қазақстандық спортшы жарыс барысында жоғары деңгей көрсетіп, финалға дейінгі барлық қарсыластарын сенімді түрде жеңді. Ол америкалық Алекс Лоны 3:1, Абхинав Ширбхатені 3:0 және Эндрю Цаоны 3:0 есебімен ұтты.

Финалдық кездесуде Құрманғалиев австралиялық Чулун Неге қарсы ойнап, 3:1 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, қазақстандық теннисші турнирді бірінші орынмен аяқтады.

Бұл жеңіс Алан Құрманғалиевтің халықаралық аренадағы кезекті табысты нәтижесі болды және оның жасөспірімдер арасындағы беделін тағы бір мәрте дәлелдеді.