Алан Құрманғалиев үстел теннисінен Азия чемпионатының ширек финалына шықты
Бөлісу

ҚР ҰОК
Қазақстандық Алан Құрманғалиев Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан үстел теннисінен жастар арасындағы Азия чемпионатының ширек финалына жолдама алды.
U19 жас санатында өнер көрсетіп жатқан қазақстандық спортшы турнирдің ширек финалына шықты. 1/8 финалда Алан Қытай Тайбэйінің өкілі Чэн Минсюйды жеті партиядан тұратын тартысты матчта 4:3 есебімен жеңді.
Ширек финалда Құрманғалиев қытайлық спортшы Ли Хэчэнмен кездеседі. Матч 3 шілде күні Қазақстан уақытымен 12:45-те басталады.
Айта кетейік, үстел теннисінен жастар арасындағы Азия чемпионаты 27 маусым мен 4 шілде аралығында Бангкокта өтуде.