Александр Бублик ATP-500 турнирінің жұптық сайысында жартылай финалға шықты

Фото: Getty Images
Қазақстандық Александр Бублик Қытай теннисшісі Шан Цзюньчэнмен бірге Бейжіңде өтіп жатқан ATP-500 санатындағы турнирдің жартылай финалына жолдама алды.
Ширек финалда халықаралық жұп аргентиналық Максим Гонсалес пен Андрес Мольтенимен кездесті. Жеңімпаз тек шешуші тай-брейкте анықталды.
Кездесуді Бублик пен Шан Цзюньчэн сәтті бастады. Алғашқы партияның соңына қарай олар қажетті басымдыққа ие болып, сетте 7:5 есебімен жеңіске жетті.
Екінші партияда ойын барысы өзгерді. Гонсалес пен Мольтени қарқынын арттырып, қарсыластарына кездесуді екі сетте аяқтауға мүмкіндік бермеді. Аргентиналық жұп екінші сетте 6:4 есебімен басым түсті.
Жеңімпаз чемпиондық тай-брейкте анықталды. Қазақстандық-қытайлық дуэт шешуші сәтте мықты болып, 10:8 есебімен жеңіске жетті.
Бейжің, ATP, жұптық разряд, ерлер, 1/4 финал
Бублик/Шан – Гонсалес/Мольтени – 7:5, 6:4, 10:8
Осылайша, Бублик пен Шан Цзюньчэн Бейжіңдегі турнирдің жартылай финалына шықты. Ширек финалдағы кездесу шамамен 90 минутқа созылды.
Турнирдің жекелей сында қазақстандық теннисші өз өнер көрсетуін аяқтаған болатын.