Басты бет
·
АО-2026

Путинцева мен Данилина Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды

Бекарыс Әлімхан··
Юлия Путинцева. Фото: Никита Басов

Юлия Путинцева. Фото: Никита Басов

Юлия Путинцева мен Анна Данилина Қазақстан қоржынына 2026 жылғы Азия ойындарындағы теннис турнирінің екінші медалін салды.

Әйелдер арасындағы жұптық сында қазақстандық теннисшілер жартылай финалда Қытай Тайбэйінің өкілдері Се Шувэй мен Лян Эньшуодан 6:7 (3:7), 6:7 (5:7) есебімен жеңілді. Екі партия да тай-брейкте аяқталды.

Бұл – Путинцеваның қазіргі Азия ойындарындағы екінші қола медалі. Бір күн бұрын ол жекелей сында үшінші орын алып, жартылай финалда қытайлық Чжан Шуайға 4:6, 2:6 есебімен есе жіберген еді. Ал Данилина үшін бұл – Азия ойындарындағы үшінші медаль. Ол 2018 жылғы ойындарда екі қола жүлде жеңіп алған.

Айта кетейік, Данилина биылғы маусымда мансабындағы ең үздік нәтижелерінің бірін көрсетіп жүр. Ол бұған дейін Australian Open және «Ролан Гаррос» турнирлерінің жұптық сынында финалға шықса, Дохадағы жарыста чемпион атанған.

Еске салайық, 2026 жылғы Азия ойындары Жапонияның Айти префектурасы мен оның астанасы Нагояда өтіп жатыр. Жарыс 19 қыркүйекте басталып, 4 қазанға дейін жалғасады.

Путинцева мен Данилина Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды – sport-hub