Басты бет
·
АО-2026

Болатбек джиу-джитсудан Азия ойындарында қола жүлде жеңіп алды

Бекарыс Әлімхан··
Сейилхан Болатбек. Фото: Арлан Олжабай

Сейилхан Болатбек. Фото: Арлан Олжабай

Сейілхан Болатбек 2026 жылғы Азия ойындарында джиу-джитсу турнирінің қола медалін жеңіп алды.

77 келіге дейінгі салмақтағы үшінші орын үшін белдесуде Қазақстанның екі өкілі – Сейілхан Болатбек пен Адлан Мадаев кездесті. Жекпе-жек Болатбектің 2:0 есебімен жеңісімен аяқталды.

Болатбек қола жүлде үшін жұбаныш кезеңі арқылы жолдама алды. Ширек финалда жеңілгеннен кейін ол Таиланд өкілі Чанвит Аунджайды мерзімінен бұрын жеңіп, жүлде үшін күресуге мүмкіндік алды. Ал Мадаев жартылай финалға дейін жетіп, 0:0 есебімен аяқталған белдесуде қосымша көрсеткіштер бойынша БАӘ спортшысы Махди Алавлакиге жол берді.

Айта кетейік, Болатбек Азия ойындарына қазіргі әлем чемпионы мәртебесінде келді. Ол бұл атақты 2025 жылы жеңіп алса, 2026 жылдың көктемінде Азия жағажай ойындарында чемпион атанған.

Еске салайық, 2026 жылғы Азия ойындары Жапонияның Айти префектурасы мен оның астанасы Нагояда өтіп жатыр. Жарыс 19 қыркүйекте басталып, 4 қазанға дейін жалғасады.

Болатбек джиу-джитсудан Азия ойындарында қола жүлде жеңіп алды – sport-hub