Басты бет
·
АО-2026

Қазақстандық джиу-джитсу шеберлері Азия ойындарының қола жүлдесі үшін белдеседі

Бекарыс Әлімхан··
Сейлхан Болатбек. Фото: Арлан Олжабай

Сейлхан Болатбек. Фото: Арлан Олжабай

Қазақстан құрамасы 2026 жылғы Азия ойындарында джиу-джитсудан 77 келіге дейінгі салмақта кемінде қола медаль алады.

Сейлхан Болатбек жұбаныш белдесуінде Таиланд өкілі Чанвит Аунчайды 50:0 есебімен мерзімінен бұрын жеңіп, қола медаль үшін белдесуге жолдама алды. Оның қарсыласы — отандасы Адлан Мадаев. Мадаев жартылай финалда Біріккен Араб Әмірліктерінің өкілі Махди Алавлакиге артықшылық көрсеткіштері бойынша жол берді.

Осылайша, Қазақстан 77 келіге дейінгі салмақта қола медальді кемінде қамтамасыз етті. Болатбек биыл Азия жағажай ойындарында жеңімпаз атанса, бір жыл бұрын осы салмақта әлем чемпионы болған. Ал Мадаев ақпанда Genoa Open Grand Prix турнирінде күміс медаль иеленіп, сәуірде Азия жағажай ойындарында екінші орын алған.

Айта кетейік, 2026 жылғы Азия ойындары Жапонияның Айти префектурасы мен оның астанасы Нагояда өтіп жатыр. Жарыс 19 қыркүйекте басталып, 4 қазанға дейін жалғасады.