Джиу-джитсу: Мадаев Азия ойындарының қола медалі үшін белдеседі

Адлан Мадаев. Фото: Арлан Олжабай
Адлан Мадаев 2026 жылғы Азия ойындарында финалға бір қадам қалғанда сүрініп, енді қола медаль үшін таласады.
77 келіге дейінгі салмақта ширек финалда қазақстандық спортшы Ирак өкілі Амро Мұхаммед Фадхил әл-Самарраймен кездесті. Мадаев қарсыласын 50:0 есебімен мерзімінен бұрын жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.
Жартылай финалда Мадаев Біріккен Араб Әмірліктерінің өкілі Махди Алавлакиге есе жіберді. Белдесуде есеп ашылған жоқ, алайда артықшылық көрсеткіштері бойынша жеңіс қазақстандық спортшының қарсыласына берілді. Енді Мадаев қола медаль үшін белдеседі.
Айта кетейік, 2026 жылғы Азия ойындары Жапонияның Айти префектурасы мен оның астанасы Нагояда өтіп жатыр. Жарыс 19 қыркүйекте басталып, 4 қазанға дейін жалғасады.