Басты бет
·
АО-2026

Күрес: Қасымбек Азия ойындарының жартылай финалына шығу үшін белдеседі

Бекарыс Әлімхан··
ҚР ҰОК

ҚР ҰОК

Едіге Қасымбек 2026 жылғы Азия ойындарындағы жарысын бастады.

125 келіге дейінгі салмақта 1/8 финалда қазақстандық балуан Үндістан өкілі Раджат Рухалмен кездесіп, 8:3 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Қасымбек жүлде үшін күресін жалғастырады.

Жартылай финалға шығу үшін ол Өзбекстан өкілі Хасанбой Рахимовпен белдеседі. Рахимов 2026 жылғы Азия чемпионатында ширек финалға дейін жетіп, онда үндістандық Динешке 0:10 есебімен мерзімінен бұрын жеңілген.

Қасымбек Азия ойындарына ересектер арасындағы алғашқы ірі жетістігінен кейін келіп отыр. Ол сәуір айында Бішкекте өткен Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды. Бұған дейін қазақстандық балуан жастар арасында U20 санатында әлем чемпионы атанған.

Айта кетейік, 2026 жылғы Азия ойындары Жапонияның Айти префектурасы мен оның астанасы Нагояда өтіп жатыр. Жарыс 19 қыркүйекте басталып, 4 қазанға дейін жалғасады.