Азия ойындарындағы 2 қазанға арналған жарыс кестесі

Фото: olympic.kz
2 қазан Қазақстан құрамасы үшін Азия ойындарындағы ең қызу күндердің бірі болмақ. Бағдарламада бірнеше жүлдеге талас, бокстан екі финал, әйелдер арасындағы теннис турнирінің жартылай финалы, велоспорт, күрес және дзюдодан шешуші кезеңдер, сондай-ақ су добынан ерлер құрамасының жартылай финалы бар.
Қазақстандық спортшылар оннан астам спорт түрінен жарысқа қатысады. Боксшылар Төрехан Сабырхан мен Айбек Оралбай алтын медаль үшін таласады. Барлық уақыт Астана уақытымен көрсетілген.
05:00 — виртуалды таеквондо
Рита Бакишева виртуалды таеквнододан жарысын 1/8 финалдан бастайды. Сәтті өнер көрсеткен жағдайда осы блок аясында ширек финал, жартылай финал және финал өтеді.
05:40 — джиу-джитсу
77 келіге дейінгі салмақта Қазақстан атынан Сейлхан Болатбек пен Адлан Мадаев өнер көрсетеді. Таңертең іріктеу және жартылай финалдық белдесулер өтеді. Ал 10:30-да қола медаль үшін белдесулер мен финалдар басталады.
05:50 — регби-7
Қазақстанның ерлер құрамасы топтық кезеңде Оңтүстік Кореямен кездеседі. Әйелдер құрамасы 07:30-да Сингапурға қарсы ойнайды. Турнирдің келесі матчтары алдыңғы ойындардың нәтижесіне қарай 09:35 және 10:25-ке жоспарланған.
06:00 — велотрек
Ринат Сұлтанова әйелдер арасындағы омниумда жарысын жалғастырады. Таңертең скретч және темпо жарыстары өтеді. 11:00-де шығарып тастау және ұпай жинау жарыстары ұйымдастырылады.

Ерлер арасындағы кейринде Қазақстан сапынан Андрей Чугай мен Кирилл Курдиди өнер көрсетеді. Алғашқы кезең 06:00-де басталады, жартылай финал мен финал 11:00-ге жоспарланған.
Сол уақытта мэдисонда Рамис Динмұхаметов пен Илья Карабутов жүлдеге таласады. Финалдық жарыс 11:00-де өтеді.
06:30 — еркін күрес
Қазақстан сапынан үш балуан жарысқа шығады:
Начын Куулар — 65 келіге дейін;
Азамат Дәулетбеков — 86 келіге дейін;
Едіге Қасымбек — 125 келіге дейін.
Әйелдер арасында Зейнеп Баянова 50 келіге дейінгі, Эльмира Сыздықова 76 келіге дейінгі салмақта белдеседі.
Таңертең іріктеу және жартылай финалдар өтеді. Қола медаль үшін белдесулер мен финалдар 14:00-де басталады.
06:30 — желкенді спорт
Қазақстан атынан Илья Иванов, Таисия Ильина, Владимир Шапкин, Еркебұлан Сардарбеков, Тұрсынай Ошырбай және Яна Белозерова өнер көрсетеді.
Күн бағдарламасында Dinghy санаттарының әртүрлі класындағы іріктеу және финалдық жарыстар бар.
07:00 — дзюдо
Әйелдер арасында татамиге Екатерина Токарева (78 келіге дейін) және Аида Тойшыбекова (78 келіден жоғары) шығады.
Ерлер арасында Айдар Аранов (90 келіге дейін), Марат Байкамуров (100 келіге дейін) және Ерасыл Қажыбаев (100 келіден жоғары) өнер көрсетеді.
Таңертең іріктеу кездесулері мен жартылай финалдар өтеді. Қола медаль үшін белдесулер мен финалдар 13:00-де басталады.
07:00 — ескек есуден слалом
Әйелдер арасындағы WX1 санатында Қазақстанды Екатерина Таранцева мен Анастасия Ананьева таныстырады.
07:30-да ерлер арасындағы MX1 санатында Александр Коробов пен Владислав Рябко іріктеу кезеңіне қатысады.
Ширек финалдар 09:30-дан, жартылай финалдар 10:14-тен басталады. Финалдар 11:10 және 11:15-ке жоспарланған.
09:30 — таеквондо
Тамирлан Тілеулес 58 келіге дейінгі салмақта жарысын 1/8 финалдан бастайды. Батырхан Төлеуғали 80 келіге дейінгі салмақта ширек финалдан жарысқа кіріседі. Ал Рита Бакишева 49 келіге дейінгі салмақта бірден жартылай финалда өнер көрсетеді.
Таеквондодан финалдық блок 15:20-да басталады.
10:00 — бокс, финал
70 келіге дейінгі салмақта Төрехан Сабырхан Иордания өкілі Зеяд Ишаишпен кездеседі.
Бұл жекпе-жектің маңызы ерекше. Қос боксшы 2026 жылғы Азия чемпионатының финалында кездесіп, сол жолы иорданиялық спортшы жеңіске жеткен. Енді Сабырхан Азия ойындарының алтыны үшін өтетін финалда қарымта кездесу өткізеді.
10:30 — теннис
Әйелдер арасындағы жұптық турнирдің жартылай финалында қазақстандық Юлия Путинцева мен Анна Данилина Тайбэй өкілдері Э. Лян және С. Хсиехпен кездеседі.

Қазақстандық теннисшілер кемінде қола медальді қамтамасыз етті. Жеңіске жетсе, финалға шығып, алтын үшін күресін жалғастырады.
10:00 — брейкинг
Қыздар арасындағы іріктеу кезеңінде Айзара Жұмабекова мен Саяра Әлибекова өнер көрсетеді.
10:45-те ерлер арасындағы турнирде Амир Закиров пен Диас Аубакиров жарысқа шығады. Келесі кезеңдер 12:00 және 13:10-да жалғасады.
12:00 — волейбол
Қазақстанның ерлер құрамасы Тайбэймен кездеседі. Командалар 9–12-орындар үшін өтетін турнирде ойнайды.
13:25 — су добы
Қазақстан ерлер құрамасы Азия ойындарының жартылай финалында Қытайға қарсы ойнайды. Жеңіс ұлттық құраманы финалға шығарып, кем дегенде күміс медальді қамтамасыз етеді.
14:00 — көркем гимнастика
Қазақстан топтық көпсайыстан іріктеу кезеңінде өнер көрсетеді.
14:30 — бокс, финал
90 келіден жоғары салмақта Айбек Оралбай Өзбекстан өкілі Жахонгир Зокировпен алтын медаль үшін кездеседі.
Осылайша, Қазақстанның бокстағы екінші финалы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы жекпе-жекке айналады. Жеңімпаз Азия ойындарын алтын медальмен аяқтайды.