Юлия Путинцева Азия ойындарында теннистен қола медаль жеңіп алды

Фото: Никита Басов
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева 2026 жылғы Азия ойындарында қола медаль иеленді.
Әйелдер арасындағы жекелей сында жартылай финалда Путинцева қытайлық Чжан Шуаймен кездесті. Қазақстандық теннисші 4:6, 2:6 есебімен жеңіліп, жарысты үшінші орынмен аяқтады.
Путинцева жүлдеге дейін қатарынан үш матчта жеңіске жетті. Ол турнирді Пәкістан өкілі Ушна Сухаилды 6:1, 6:0 есебімен жеңуден бастады. Кейін Қытай Тайбэйінің өкілі Ян Яиді 6:1, 6:1 есебімен ұтты. Ал ширек финалда таиландтық Мананчая Саваңкаеваны 6:3, 6:0 есебімен сенімді түрде жеңді.
Айта кетейік, Чжан Шуай биылғы маусымда жұптық сында Элисе Мертенспен бірге Australian Open турнирінде жеңімпаз атанды. Сондай-ақ оның жұптық сында 2019 және 2021 жылдары «Үлкен дулыға» турнирлерінде жеңіске жеткен.
Еске салайық, 2026 жылғы Азия ойындары Жапонияның Айти префектурасы мен оның астанасы Нагояда өтіп жатыр. Жарыс 19 қыркүйекте басталып, 4 қазанға дейін жалғасады.