Александр Бублик ATP рейтингінде 11-орнын сақтап қалды

Фото: Glyn Kirk / AFP / Getty Images
Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) Уимблдон турнирі аяқталғаннан кейін жаңартылған әлемдік рейтингті жариялады.
Рейтингтің алғашқы бестігіне италиялық Янник Синнер (13 450 ұпай), германиялық Александр Зверев (8480), испаниялық Карлос Алькарас (8160), канадалық Феликс Оже-Альяссим (4740) және австралиялық Алекс де Минор (4110) енді.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 2810 ұпаймен 11-орнын сақтап қалды. Александр Шевченко бір сатыға төмендеп, енді 658 ұпаймен 100-орында тұр.
Қазақстанның басқа өкілдері арасында Тимофей Скатов 163-орында (343 ұпай), Михаил Кукушкин 316-орында (169), Бейбіт Жұқаев 387-орында (130), Денис Евсеев 445-орында (105), Дмитрий Попко 629-орында (58), Әмір Омарханов 641-орында (56), ал Григорий Ломакин 26 ұпаймен 904-орында орналасқан.