Александр Бублик ATP рейтиңінде топ-10 қатарындағы орынын сақтап қалды

Фото: Getty Images
Қазақстан құрамасының теннисшісі Александр Бублик жаңартылған ATP рейтингінде оныншы орнын сақтап қалды.
Әлемдік рейтингтің көшін әлі де италиялық Янник Синнер бастап тұр — 14 750 ұпай. Екінші орында испаниялық Карлос Алькарас (11 950), үшінші сатыда германиялық Александр Зверев (5 705), ал төртінші орында Новак Джокович (4 460) орналасқан. Америкалық Бен Шелтон алтыншы орыннан бесінші орынға көтерілді — 4 070 ұпай.
Қазақстандық Александр Бублик ATP рейтиңінің топ-10 тізімін түйіндеп тұр — 3 320 ұпай. Александр Шевченко бір сатыға жоғарылап, 88-орынға шықты. Тимофей Скатов екі позицияға көтеріліп, 189-орынға жайғасты.
Бейбіт Жұқаев төрт орынға төмендеп, қазір 302-сатыда тұр. Денис Евсеев 431-орында, Григорий Ломакин 895-орында, ал Әмір Омарханов 635-ші орналасқан.