Александр Бублик Швейцариядағы турнирдің финалына шыға алмады

Темирлан Мажекенов ··
Фото:  ATP ресми сайты

Фото: ATP ресми сайты

ATP рейтиңінде 10-орында тұрған қазақстандық теннисші Александр Бублик Швейцарияның Женева қаласында өтіп жатқан ATP-250 турнирінің финалдық кезеңіне өте алмады.

Жартылай финалда Қазақстан өкілі америкалық Лёрнер Тьенге (ATP №20) 1:6, 6:4, 6:7 есебімен жол берді.

Матч 1 сағат 37 минутқа созылды.

Кездесу барысында Тьен бір эйс жасап, бес рет қосар қателік жіберді және алты брейк-пойнттың төртеуін сәтті пайдаланды. Ал Бублик 10 эйс орындап, бес мәрте қосар қателікке жол берді және үш брейк-пойнттың барлығын жүзеге асырды.

Бұған дейін қарсыластар бір рет қана кездескен еді — Римдегі турнирде Тьен 6:4, 3:6, 7:5 есебімен жеңіске жетті.

Шешуші матчта Тьен аргентиналық Мариано Навонемен ойнайды.

Женевадағы турнирдің жалпы жүлде қоры — 612 620 еуроны құрайды. Жеңімпаз 93 175 еуро мен ATP рейтиңінің 250 ұпайына ие болады, ал финалист 54 360 еуро және 165 ұпай алады.