Басты бет
·
Теннис

Александр Бублик екінші рет әке атануы мүмкін бе? Теннисші тосын жазба қалдырды

Дина Хамзина··
Фото: Almaty Open

Фото: Almaty Open

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Almaty Open-2026 турнирінің ширек финалында ресейлік Карен Хачановты жеңгеннен кейін жанкүйерлерді ерекше жазбасымен қызықтырды. Теннисшінің жанкүйерлері бұл жазба арқылы оның отбасында жақында тағы бір сәби дүниеге келетінін меңзеген болуы мүмкін деп болжады.

23 қазанда Бублик Хачановты 4:6, 7:6 (7:5), 7:6 (7:5) есебімен жеңіп, өз алаңындағы турнирдің жартылай финалына шықты.

Кездесу аяқталған соң қазақстандық теннисші телекамераға жақындап, оның объективіне маркермен жұмбақ жазба қалдырды: «1+1=4».

Бұл жазба жанкүйерлер арасында түрлі болжам тудырды. Кейбірі теннисші отбасында жақында тағы бір сәби дүниеге келетінін меңзеді деп есептейді. Алайда әзірге Бублик бұл жазбаның мәнін ресми түрде түсіндірген жоқ.

Александр Бублик екінші рет әке атануы мүмкін бе? Теннисші тосын жазба қалдырды – sport-hub