Александр Бублик Штутгарттағы турнирдің жартылай финалына шықты

Темирлан Мажекенов ··
Фото: ATP

Фото: ATP

ATP 250 Штутгарт турнирі аясында Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик жартылай финалға жолдама алды.

Ширек финалда 28 жастағы қазақстандық теннисші Франция өкілі Джованни Мпетши Перрикар қарсы екі сетте жеңіске жетті — 7:6, 7:6.

Кездесу 1 сағат 30 минутқа созылды.

Осы турнирге дейін Бублик пен Перрикар кортта үш рет кездескен. Бұған дейінгі кездесулерде француз теннисшісінің басымдығы байқалып, ол үш матчтың екеуінде жеңіске жеткен еді. Алайда Германиядағы бұл жеңістің арқасында Бублик жеке кездесулердегі есепті теңестірді — 2:2.

Осылайша, Александр Бублик турнирдің жартылай финалына шығып, келесі кезеңде америкалық Тейлор Фриц пен италиялық Маттиа Беллуччи арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.

Айта кетейік, BOSS OPEN 8–14 маусым аралығында өтуде. Жарыстың жалпы жүлде қоры 768 220 еуроны құрайды. Турнир жеңімпазы 116 855 еуро мен ATP рейтингінің 250 ұпайына ие болады.