Александр Бублик US Open-2026 жұптық турнирінен шығып қалды

Бекарыс Әлімхан··
Фото: x_@usopen

Фото: x_@usopen

Қазақстандық Александр Бублик пен қытайлық Цзюньчэн Шан US Open-2026 турнирінің жұптық разрядындағы өнерін екінші айналымдағы матчқа шықпай аяқтады.

Қазақстандық-қытайлық дуэттің қарсыластары аргентиналық Гидо Андреоцци мен француз Мануэль Гинар болуы керек еді. Турнирдің ресми кестесінде Андреоцци мен Гинар қарсыластарының бас тартуына байланысты жеңімпаз ретінде көрсетілген.

Бірінші айналымда Бублик пен Шан аргентиналық Себастьян Баесті және венгриялық Фабиан Марожанды 6:2, 6:4 есебімен жеңді. Ал Андреоцци мен Гинар жарыстың алғашқы кезеңінде жаңа зеландиялық Финн Рейнольдс пен Джеймс Уоттты ұтты.

Айта кетейік, аргентиналық-франциялық жұп бұған дейін Индиан-Уэллсте өткен «Мастерс» сериясындағы турнирде жеңіске жеткен. US Open-2026 жарысының 1/8 финалында Андреоцци мен Гинар италиялық Симоне Болелли және Андреа Вавассоримен кездеседі.

Александр Бублик US Open-2026 жұптық турнирінен шығып қалды – sport-hub