Александр Бублик Женевада өтетін ATP 250 турниріндегі алғашқы қарсыласын білді

Бегасыл Амирбай ··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Женевадағы ATP 250 турнирін екінші айналымнан бастайды.

Әлемнің 10-ракеткасына ATP рейтиңінде 253-орында тұрған 21 жастағы литвалық теннисші Эдас Бутвилас алғашқы қарсылас атанады.

1/8 финал кездесуі 20 мамыр күні өтеді және Қазақстан уақытымен 22:30-да басталады.

Еске салайық, өткен аптада қазақстандық теннисші Римдегі «Мастерс» турнирінің үшінші айналымына дейін жетіп тоқтаған еді. Италиядағы жарыстан кейін Бублик ATP әлемдік рейтиңінде 10-орынға көтеріліп, мансабындағы ең үздік нәтижесін қайталады.

Александр Бублик Женевада өтетін ATP 250 турниріндегі алғашқы қарсыласын білді – sport-hub