Александр Бублик ATP рейтиңінің үздік ондығына қайта оралды

Бегасыл Амирбай ··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

Александр Бублик жаңарған ATP рейтиңіндегі позициясын жақсартып, әлемдік теннистің үздік ондығына қайта енді.

Қазақстандық теннисші бір сатыға көтеріліп, қазір 10-шы сатыда тұр.

Өткен аптада Бублик Римдегі «Мастерс» турнирінің үшінші айналымына дейін жетіп, америкалық Лернер Тьенге есе жіберді. Қазақстандық спортшының жоғарылауына италиялық Лоренцо Музеттидің былтыр Римдегі турнирде жартылай финалға шыққаны үшін алған ұпайларын биыл қорғай алмауы себеп болды.

Қазақстандық өзге де теннисшілер арасында Александр Шевченко үш сатыға төмендеп, 88-орынға сырғыды.

Тимофей Скатов 191-орында (-3), Бейбіт Жукаев 298-орында (-1), ал Михаил Кукушкин 300-орында (-19) тұр.

Денис Евсеев 440-орында орналасқан, Әмір Омарханов 635-орынға төмендеді (-14), Дмитрий Попко 661-орында (-43), ал Григорий Ломакин 19 сатыға көтеріліп, 933-орынға жайғасты.

Александр Бублик ATP рейтиңінің үздік ондығына қайта оралды – sport-hub