Александр Шевченко Шанхайдағы іріктеу турнирінің алғашқы кезеңінде жеңілді

ҚТФ
Қазақстандық теннисші Александр Шевченко Шанхайда өтіп жатқан ATP-1000 турнирінің іріктеу кезеңінің екінші айналымына шыға алмады.
Шевченко алғашқы матчта ATP рейтингінде 218-орында тұрған жапониялық Ёсихито Нисиокамен кездесті. Ойын жапониялық теннисшінің 6:2, 6:4 есебіндегі жеңісімен аяқталды.
Шанхай, ATP-1000, ерлер, іріктеу кезеңі
Нисиока (Жапония) – Шевченко (Қазақстан) – 6:2, 6:4
Кездесу 1 сағат 12 минутқа созылды. Осы жеңістің арқасында Нисиока іріктеудің финалдық кезеңіне өтті. Онда ол америкалық Билли Харрис пен чех Далибор Сврчина арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.
Осылайша Александр Шевченко Шанхайдағы ATP-1000 турнирінің іріктеу кезеңінің алғашқы сатысынан өткен Тимофей Скатовқа қосыла алмады.
Шанхайдағы турнирдің негізгі кезеңі 7 қазанда басталады.