Александр Шевченко Словакиядағы турнирдің екінші айналымына шықты

Темирлан Мажекенов ··
Фото: ATP

Фото: ATP

Қазақстандық теннисші Александр Шевченко Словакияның Братислава қаласында өтіп жатқан «Челленджер» сериясындағы турнирдің алғашқы айналымынан сәтті өтті.

Бірінші кезеңде Шевченко әлемдік рейтингте 263-орында тұрған румыниялық Филип Кристиан Жиянуға қарсы кортқа шықты. Бірінші сетте қазақстандық спортшы 6:4 есебімен басым түсті. Екінші партияда ол 3:0 есебімен алға шыққаннан кейін қарсыласы кездесуді мерзімінен бұрын аяқтауға шешім қабылдады.

Ойын 1 сағат 2 минутқа созылды.

Енді Шевченко ширек финал жолдамасы үшін чехиялық Гинек Бартон мен бельгиялық Бувайсар Гадамаури арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды.