Александрова Кесслерді жеңіп, US Open-2026 турнирінің екінші айналымына өтті

Бекарыс Әлімхан··
Фото: Jimmie48

Фото: Jimmie48

Әлемнің 19-ракеткасы Екатерина Александрова америкалық Маккартни Кесслерді (WTA рейтингі бойынша 66-орын) жеңіп, US Open-2026 турнирінің екінші айналымына шықты.

Кездесу 1 сағат 7 минутқа созылып, 6:2, 6:2 есебімен аяқталды. Александрова матч бойы өз добын беру кезінде бірде-бір гейм бермей, әр партияда екі реттен брейк жасады.

Ресейлік теннисші төрт эйс жасап, бір рет қосарланған қателік жіберді және бес брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Ал Кесслер бір рет эйс жасап, екі қосарланған қателікке жол берді және қарсыласының добын беру кезіндегі үш мүмкіндіктің ешқайсысын пайдалана алмады.

Айта кетейік, Александрова америкалық теннисшімен өткізген екі кездесудің екеуінде де жеңіске жеткен. Олардың алдыңғы матчы 2025 жылы Нинбода өткен WTA-500 турнирінің ширек финалында болды. Сол кездесуде ресейлік теннисші 6:3, 6:3 есебімен жеңіске жеткен.

Екінші айналымда Александрова австралиялық Кимберли Биррелл мен хорватиялық Петра Марчинко арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.

Александрова Кесслерді жеңіп, US Open-2026 турнирінің екінші айналымына өтті – sport-hub