Әлем Чемпионаты-2026: Чехия құрамасы нәтижелі ойында Швециядан басым түсті

Бегасыл Амирбай ··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

Шайбалы хоккейден Чехия құрамасы әлем чемпионатының топтық кезеңінде Швецияны жеңді. Фрибурда өткен кездесу 4:3 есебімен аяқталды.

Чехтар алғашқы кезеңнің өзінде үш шайба соқты. Бірінші болып Матей Блюмель, Доминик Кубалик және Якуб Флек мергендік танытты. Үзіліске дейін шведтер Йоэль Перссон мен Симон Хольмстрёмнің соққан шайбаларының көмегімен есеп айырмасын қысқартты. Екінші кезеңде Иржи Чернох Чехияның екі шайбалық басымдығын қайталай түсті. Ал Оливер Экман-Ларссон матчтың қорытынды есебін тіркеді.

Осы жеңістен кейін Чехия құрамасы жеті ұпай жинап, B тобында екінші орынға көтерілді. Топ көшбасшысы — тоғыз ұпайы бар Канада құрамасы. Үш ұпай жинаған Швеция бесінші орында тұр.

Әлем чемпионаты 15 пен 31-мамыр аралығында Цюрих және Фрибур қалаларында өтіп жатыр.

Швеция мен Чехия - Норвегия, Словения, Италия, Словакия, Канада және Дания құрамаларымен бір топта өнер көрсетуде.

Әлем Чемпионаты-2026: Чехия құрамасы нәтижелі ойында Швециядан басым түсті – sport-hub