Әлемнің бірінші ракеткасы Янник Синнер Бейжіңдегі ATP-500 турниріне қатыспайды

Фото: Getty Images
Әлемдік ATP рейтингін бастап тұрған италиялық теннисші Янник Синнер Бейжіңде өтетін ATP-500 санатындағы турнирге қатыспайды.
Бұл туралы спортшы өзінің X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялаған видеоүндеуінде мәлімдеді.
Синнердің айтуынша, турнирден бас тартуына тізесіндегі жарақаты себеп болған. Теннисші әзірге жарысқа қайта оралуға дайын емес екенін айтып, қалпына келуге басымдық беретінін жеткізді.
«Өкінішке қарай, биыл Бейжіңде өнер көрсете алмаймын. Тізем әзірге қажетті деңгейде жарысқа қатысуға мүмкіндік бермейді. Кортқа мүмкіндігінше тезірек оралуға тырысамын. Әсіресе жанкүйерлердің қолдауы мен турнирдегі атмосфераны ескере отырып, жарысты өткізіп алатыным өкінішті», – деді Синнер.
Италиялық теннисші өткен маусымда Бейжіңдегі турнирде жеңіске жеткенін де еске салды. Осылайша, биыл ол чемпиондық атағын қорғай алмайды.
Синнер соңғы ресми матчын шілде айында Уимблдон турнирінде өткізді. Нәтижесінде ол жарыстың жеңімпазы атанды. Одан кейін әлемнің бірінші ракеткасы екі «Мастерс» турниріне қатыспады, сондай-ақ тізесіндегі жарақатына байланысты АҚШ ашық чемпионатын өткізіп алды.
Синнер келесі маусымда Бейжіңге оралуға үмітті екенін айтты.