Әлемнің екі дүркін чемпионы Екатерина Гамова волейболдан халықаралық Даңқ залына енеді

Темирлан Мажекенов ··
Фото: РИА Новости

Фото: РИА Новости

Ресейлік волейболшы Екатерина Гамова 2026 жылы Волейболдан халықаралық Даңқ залына енеді. Бұл туралы Даңқ залының ресми сайтында хабарланды.

Гамова Олимпиада ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері саналады — 2000 жылы Аустралияда және 2004 жылы Грекияда өткен ойындарда жүлде алған. Сонымен қатар әлемнің екі дүркін чемпионы (2006 және 2010), Еуропаның екі дүркін чемпионы (1999 және 2001), сондай-ақ 2002 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері.

Екатерина диагональ шабуылшы позициясында ойнаған.

Даңқ залына жаңа мүшелерді қабылдау рәсімі 17 қазанда АҚШ-тың Массачусетс штатындағы Холиок қаласында өтеді.

Еске салайық, волейболдан халықаралық Даңқ залына енген соңғы ресейлік спортшы — 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының чемпионы Сергей Тетюхин болды. Ол бұл құрметке 2021 жылы ие болған еді.

Әлемнің екі дүркін чемпионы Екатерина Гамова волейболдан халықаралық Даңқ залына енеді – sport-hub