Қазақстан әйелдер командасы волейболдан екі турнирге қатысатын құрамын жариялады

Бегасыл Амирбай ··
Фото: ҚР ҰОК

Фото: ҚР ҰОК

Қазақстан әйелдер құрамасы Непалда өтетін Орталық Азия чемпионаты мен Филиппиндегі Азия кубогына қатысатын ойыншылар тізімін нақтылады.

Бас бапкер Асқар Шалқыбеков өтінімге 14 волейболшыны қосты.

Құрамға Наталья Хазова мен Раянна Дүйсенбаева (байланыстырушы), Амина Қырықбаева мен Камилла Сұлтанбек (либеро), Юлия Фоменко, Елизавета Сырова, Валерия Настенко және Айгүл Мүлкібаева (орталық блок қоюшылар) енді.

Шабуыл шебінде Жанна Сыроешкина, Екатерина Михайлова, Татьяна Яцкив, Динара Разақберлина, Кристина Белова және Бота Уатаева ойнайды.

22 мен 29-мамыр аралығында қазақстандық волейболшылар Катмандуда (Непал) өтетін Орталық Азия чемпионатында өнер көрсетеді. Ал Азия кубогы 6-14 маусым күндері Филиппиннің Кандон қаласында өтеді.

Қазақстан әйелдер командасы волейболдан екі турнирге қатысатын құрамын жариялады – sport-hub