Басты бет
·
Су спорты

Әли Тұрғанбеков Пара Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Али Асетов··
Фото: elorda_sport_cluby / Instagram

Фото: elorda_sport_cluby / Instagram

Қазақстандық жүзуші Әли Тұрғанбеков Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы Пара Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды.

Спортшы ерлер арасында SB4 санатында 100 метрге брасс әдісімен жүзуден жүлдеге ие болды.

Финалда қазақстандық спортшы қашықтықты 1 минут 44,26 секундта жүзіп өтіп, екінші орын алды. Малайзиялық Мұхаммад бин Зулкафли 1:41.44 нәтижесімен жеңіске жетсе, үндістандық Рохит Кумар 1:57.25 уақыт көрсеткішімен қола медаль иеленді.

Осылайша, Әли Тұрғанбеков халықаралық жарыста Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір жүлде салды.

Қазақстандық паражүзушілер бұған дейін эстафетада да сәтті өнер көрсетті. 19 қазанда еліміздің құрамасы 4×50 метрге кешенді жүзуден аралас эстафетада екінші орын алып, күміс медаль жеңіп алды.

Бұл сайыста Қазақстан намысын Әли Тұрғанбеков, Сиязбек Далиев, Наталья Звягинцева және Зульфия Ғабидуллина қорғады.

Айта кетейік, Әли Тұрғанбеков Криштиану Роналду, Лионель Месси және Диего Марадона секілді әлемге әйгілі спортшылармен кездескен.