Әліптің командасы Ресей Кубогын жеңіспен бастады

ЗЕНИТ ФК
Санкт-Петербургтің «Зениті» Ресей Кубогының РПЛ жолы топтық кезеңін калининградтық «Балтикаға» қарсы өз алаңындағы жеңіспен бастады.
Сергей Семактың командасы матч тағдырын алғашқы минуттарда-ақ шешті. 4-минутта Кевин Андраде өз мүмкіндігін тиімді пайдаланып, кездесудегі жалғыз голды соқты. Бұл гол алаң иелеріне турнирдегі алғашқы үш ұпайды алуға жеткілікті болды.
Қазақстандық қорғаушы Нұралы Әліп «Зениттің» негізгі құрамында алаңға шығып, 90 минут бойы толық ойын өткізді. Ол қорғаныста сенімді ойнап, командасына қақпасын «құрғақ» ұстауға көмектесті. 81-минутта тәртіп бұзғаны үшін сары қағаз алды.
Минимал есепке қарамастан, «Зенит» ойын барысын толық бақылауда ұстап, қарсыласына қауіпті сәттер жасауға мүмкіндік берген жоқ. Үзілістен кейін «Балтика» ойынды өзгертуге тырысқанымен, алаң иелерінің қорғанысы сенімді әрекет етіп, қонақтарға өз мүмкіндіктерін пайдалануға жол бермеді.
Ресей Кубогы. Топтық кезең. 1-тур
«Зенит» – «Балтика» – 1:0
Гол: Андраде, 4.
Екінші турда «Зенит» сырт алаңда самаралық «Крылья Советовпен» кездеседі, ал «Балтика» өз алаңында махачкалалық «Динамоны» қабылдайды. Екі команда да келесі кезеңге шығу үшін күресті жалғастырады.