Нұралы Әліп «Зенитте» қиын бәсекелестікке тап болуы мүмкін

Темирлан Мажекенов ··
Фото: «Зенит» ФК

Фото: «Зенит» ФК

«Зенит» пен «Балтика» клубтары қорғаушы Кевин Андраденің трансфері бойынша толық келісімге келді.

Бұл туралы жағдайдан хабардар дереккөз «Чемпионат» басылымына мәлімдеді.

Мәліметке сәйкес, колумбиялық қорғаушының трансфер құны 3,5 миллион еуроны құрайды.

Қазіргі таңда клубтар келісімді аяқтау үшін құжат алмасу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ал футболшы болса алдағы күндері Санкт-Петерборлық клуб үшін медициналық тексерістен өтеді.

Осы маусымда Кевин Андраде «Балтика» сапында Ресей Премьер-лигасы мен Ресей кубогы аясында 32 матчқа қатысып, бір гол соққан.

Колумбиялық қорғаушы Калининград клубында 2024 жылдың қаңтарынан бері өнер көрсетіп келеді. Ресей чемпионатының турнир кестесінде «Балтика» 46 ұпаймен алтыншы орында тұр.

Еске салайық, «Зенит» сапында Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп өнер көрсетеді.