Алматы мен Шымкент ресейлік командалардың үй матчтарын өткізу үшін қарастырылуда

Бегасыл Амирбай ··
«Қайрат» ФК

«Қайрат» ФК

Алматыдағы Орталық стадион мен Шымкенттегі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадион Ресей құрамасы мен ресейлік клубтардың үй матчтарын өткізуге арналған негізгі нұсқалар ретінде қарастырылып жатыр.

Sport24.ru мәліметінше, бұл екі арена табиғи жабынының болуы және УЕФА талаптарына сай келуі себепті басымдыққа ие. Қазақстан тарапы Ресей құрамасы мен клубтарының үй кездесулерін өткізу үшін стадиондарды ұсынуға дайын екені хабарланды.

Сонымен қатар, әр матч бойынша соңғы шешім халықаралық және ішкі күнтізбеге байланысты қабылданады. Ареналардың қолжетімділігі Қазақстан құрамасы мен осы стадиондарда ойнайтын клубтардың ойын кестесіне тәуелді болады.

Еске салайық, Ресей клубтары мен құрамасы 2022 жылдың ақпанында ФИФА мен УЕФА аясындағы ресми турнирлерден шеттетілген болатын. Бұған Ресей мен Украина арасындағы әскери қақтығыс себеп болды.