«Алтын доп» иегері Харри Кейн өзінің болашағына қатысты шешім қабылдады

«Бавария» ФК
Мюнхендік «Бавария» Англия құрамасының 33 жастағы шабуылшысы Харри Кейнмен келісімшартты ұзартқанын ресми түрде жариялады.
Бұл туралы неміс клубының ресми сайты хабарлады.
Жаңа келісім 2029 жылдың 30 маусымына дейін жасалды. Футболшының бұрынғы келісімшарты 2027 жылдың жазында аяқталуы тиіс еді.
Харри Кейн 2023 жылдың тамызында Лондонның «Тоттенхэм» клубынан Мюнхенге ауысқан болатын. Содан бері ағылшын шабуылшысы «Бавария» сапында барлық турнирде 161 матч өткізіп, 156 гол соқты.
Командамен бірге ол Германия чемпионатын екі рет, ел Суперкубогын екі рет жеңіп, Германия кубогының иегері атанды.
2026/27 жылғы маусымда Кейн 14 кездесуге қатысып, 10 гол соғып, тоғыз нәтижелі пас берді.
Айта кетейік, 2026 жылы Харри Кейн France Football нұсқасы бойынша «Алтын доп» иегері атанды. Сонымен қатар, ол 2025/26 жылғы маусымда клубы мен ұлттық құрама сапында 65 матчта 73 гол соғып, Герд Мюллер атындағы жүлдені жеңіп алды.