Басты бет
·
Жекпе-жек түрлері

Алтын Шағаева әлем чемпионатының финалына шыға алмады

Али Асетов··
ҚР ҰОК

ҚР ҰОК

Қазақстандық балуан Алтын Шағаева Астанада өтіп жатқан 2026 жылғы әлем чемпионатының финалына шыға алмады. Енді ол қола медаль үшін күреседі.

59 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында отандасымыз Үндістан өкілі Манишамен белдесті. Қарсыласы басымдықты толық иеленіп, кездесуді 10:0 есебімен мерзімінен бұрын аяқтады.

Осылайша, Шағаева әлем чемпионы атану мүмкіндігінен айырылғанымен, жүлдегерлер қатарына қосылуға мүмкіндік алды.

Бұған дейін қазақстандық балуан турнирдің екі кезеңінен сәтті өткен еді. Ол 1/8 финалда түркиялық Бедиха Гюнді 3:1 есебімен жеңсе, ширек финалда польшалық Йовита Вжесеньнен 5:1 есебімен басым түсті.

59 келіге дейінгі салмақтағы жүлде үшін белдесулер 30 қазанда өтеді. Астанадағы әлем чемпионаты 1 қарашаға дейін жалғасады.

Алтын Шағаева әлем чемпионатының финалына шыға алмады – sport-hub