Басты бет
·
Жекпе-жек түрлері

Алтынсыз қалған Қазақстан: отандық балуандар әлем чемпионатында нешінші орын алды?

Али Асетов··
ҚР ҰОК

ҚР ҰОК

Астанада күрес түрлерінен 2026 жылғы әлем чемпионаты мәресіне жетті.

Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы бес медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте 15-орынға тұрақтады.

Қабылдаушы ел қоржынына жалғыз күміс жүлдені еркін күрестен 74 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Нұрқожа Қайпанов салды. Шешуші белдесуде қазақстандық балуан ресейлік Иналбек Шериевке есе жіберді.

Тағы төрт отандасымыз қола жүлдегер атанды. Оның үшеуі грек-рим күресінен, біреуі әйелдер күресінен бұйырды.

Қазақстан құрамасының әлем чемпионатындағы жүлдегерлері:

- Күміс: Нұрқожа Қайпанов – еркін күрес, 74 келі.

- Қола: Исхар Курбаев – грек-рим күресі, 55 келі.

- Қола: Айдос Сұлтанғали – грек-рим күресі, 60 келі.

- Қола: Бағдат Сабаз – грек-рим күресі, 67 келі.

- Қола: Зейнеп Баянова – әйелдер күресі, 50 келі.

Медальдар кестесінде АҚШ құрамасы көш бастады. Америкалық балуандар жеті алтын, екі күміс және алты қола медаль жеңіп алды. Екінші орынды алты алтын, төрт күміс және бес қола жүлдесі бар Иран құрамасы иеленді. Ал үздік үштікті төрт алтын, үш күміс және жеті қола медаль еншілеген Ресей құрамасы түйіндеді.

Айта кетейік, Астанада өткен әлем чемпионатына 90 елден 789 спортшы қатысты.

Алтынсыз қалған Қазақстан: отандық балуандар әлем чемпионатында нешінші орын алды? – sport-hub